Жаңалықтар

Күннен қуат аламыз

ашық дереккөзі

Күннен қуат аламыз

Алматы облысының Қапшағай қаласы маңында қуаты 150 МВт-тық Қазақстандағы ең ірі күн электр стансасының құрылысы басталып кетті. Мамандардың айтуынша, жобаның 1-кезеңі 2019 жылдың I тоқсанында, ал 2-кезеңі III тоқсанында аяқталып, іске қосылмақ. Мұнда орнатылып жатқан құрал-жабдықтардың басым бөлігі Германияда өндірілген. Құрылысқа 500 адам жұмылдырылып отыр. Нысан іске қосылғанда 26 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады. Күн электр стансасын Қапшағай қаласының маңында, нақты айтқанда Шеңгелді селолық округінің аумағында орналастырудың негізгі себебі, дәл осы жерде жыл бойы ашық, сәулелі ауа райы сақталған. Өңір басшысы Амандық Баталов осындай күшті күн электр стансасының салынуы – облыс үшін маңызы зор жоба екендігін, бұл біріншіден «жасыл» энергетиканы дамытса, екіншіден өңірдің электр қуатына деген қажеттілігін азайтуға өз ықпалын тигізетінін жеткізді.