Жаңалықтар

Келешекке кедергісіз қадам

ашық дереккөзі

Келешекке кедергісіз қадам

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы ұйымдастырды. Жәрмеңке барысында 14 мамандық түрлері бойынша 27 бос жұмыс орындары ұсынылып, 6 азаматқа жолдама беріліп, 6 азамат тұрақты  жұмысқа орналасты. Тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Салтанат  Құланбаева. Салтанат экономист мамандығы бойынша орта арнаулы оқу орнын бітірген.  Алайда мамандығы бойынша еш жерге жұмысқа орналаса   алмаған. Сол себепті «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына жұмыс  сұрап өтініш те берген. «Бүгін арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеге партия  қызметкерлері шақырып, «Еркетай» балабақшасына көмекші тәрбиеші болып  жұмысқа орналастым», –  дейді Салтанат Құланбаева. Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек  Тұрлыбековтің айтуынша,  «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, ауданда жыл басынан бері 11 жәрмеңке  ұйымдастырылған. Нәтижесінде 119 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Олардың  26-сы мүмкіндігі шектеулі  жандар. Шара соңында «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев сөз алып, жұмысқа орналасқан азаматтарға сәттілік тілеп,  абыройлы жұмыс жасауға шақырды. Айта кетейік, жәрмеңкеге аудандық  Ордакент ардагерлер және жастар ресурстық орталықтары да атсалысты.