Отбасы – маңызды институт
Отбасы – маңызды институт
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Алматы қаласында «Отбасын қолдау апталығы» басталды. Республикалық акция аясында «Отбасы күні» шаһардағы 165 мектепте өтті.
«Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында отбасы біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты деп атап көрсетілген Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады.
Салтанатты жиында мектеп директоры Құралай Ошанова өз сөзінде жастарды отбасы құруды кейінге қалдырмауға, материалдық ұсақ-түйектерге қатты мән бермеуге, өзінің бақытты отбасылық ұясын құрып, содан кейін материалдық игіліктер туралы ойлануға шақырды. «Егер сіз барлық уақыт пен энергияны ұсақ-түйекке жұмсасаңыз, онда сізде ең маңызды нәрсеге орын болмайды. Кез келген адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтетін ұмытпаңыз», – дейді Құралай Ошанова.
Шара аясында мектепте жанұялардың қатысуымен түрлі байқаулар мен спорт алаңында жарыстар өтті. Сондай-ақ, республикалық «Отбасын қолдау апталығы» акциясы аясында, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, №5 КМК бас дәрігері, «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымы төрағасы Болат Садықовтың басшылығымен «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымы мүшелерінің атынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға және қарт мүгедектерге азық-түлік себеттері табысталды.