Жаңалықтар

Таразда шығарылатын балалар аяқ киімдеріне сұраныс артқан

ашық дереккөзі

Таразда шығарылатын балалар аяқ киімдеріне сұраныс артқан

Таразда балаларға арналған аяқ киім шығарыла бастады, деп хабарлайды Хабар 24. Кәсіпорын алғашқы 5 мың жұбын тігіп, қырғыз еліне экспорттап үлгерді. Қазір мұнда қысқы және күзгі аяқ киім үлгісінің 10 түрі бар. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Дайындалған тауардың дені жергілікті нарыққа жіберілген. Өндірісте 95 пайыз отандық өнім пайдаланылады. Тек табаны мен бауы Германия мен Ресей елдерінен сатып алынады. Жалпы фабрика жылына 400 мың жұп аяқ киім жасауға қауқарлы. Онда 400 адам еңбек етеді. Жуырда шетелден жаңа қондырғылар әкелінді. Осының арқасында өндіріс орны өнім көлемін еселемек. «Қазір дизайнер мамандар аяқ киім үлгілерінің өзге түрлерін жасаумен айналысып жатыр. Жаңа түрін келесі жылдан бастап шығара бастаймыз. Экспорттау үшін жан-жақты келіссөздер жүргізілуде. Қосымша Германияға жаңа қондырғыларға тапсырыс беріп қойдық», – деді  кәсіпорын бас директорының орынбасары  Мұхтар Шаюнусов.