Қант диабетімен ауыратындар қажетті дәрілермен қамтылды – Елжан Біртанов

Қант диабетімен ауыратындар қажетті дәрілермен қамтылды – Елжан Біртанов

Қант диабетімен ауыратындар қажетті дәрілермен қамтылды – Елжан Біртанов
ашық дереккөзі
Қант диабетімен ауыратындарды дәрілермен қамтамасыз ету үшін 2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютор тізіміне 48 түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйым енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл турады ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Елімізде дәрілік заттардың тапшылығы жоқ, жетпей қалған мекемелерге қосымша жеткізіп жатырмыз. Әсіресе, қант диабетін емдеу препараттары бойынша көп шағым түскен еді. 2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютор тізіміне қант диабеті бойынша 48 түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйым бар», - деді министр. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 48 дәрілік заттың 47-сі сатып алынған және бір шприц өндірістен алынып тасталуына байланысты алынбаған. Оның орнына өзге шприцтер алынады. Сонымен бірге, Елжан Біртанов биылғы маусым айында қант диабеті бойынша өңірлерден тапсырыс түсіп, 600 млн теңгеге қосымша сатып алу жүргізілгенін хабарлады.