11 Қыркүйек, 16:52 247 0 Жаһан Назым Тойлыбаева

Ресейде ең ауқымды әскери жаттығу басталды

Ресейдің Қиыр Шығысында 11 қыркүйекте соңғы бірнеше он жылдықтағы ең ірі "Восток-2018" әскери жаттығуы басталды. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.

17 қыркүйекке дейін өтетін жаттығуға 300 мыңға таяу әскери қызметкер, 80 әскери кеме, 36 мың бронды техника және мыңнан астам ұшақ қатысады. Бұдан өзге, жаттығуға Қытайдан үш мыңға таяу әскер қатысады. Мұндай ірі жаттығу соңғы рет СССР-де 1981 жылы өтіп, оған Варшава келісімі елдерінің әскері қатысқан еді. Ол кезде Батыс елдері жаттығуды СССР-дің әскери әлеуетін паш етуі және ірі операцияға дайындалуы деп бағалаған.

Қорғаныс министрлігі "Восток-2018" жаттығуының басты мақсаты әскерді алыс қашыққа орналастыру кезінде әскери басқару органдарының дайындық деңгейін тексеру екенін айтады.

НАТО бұған дейін әскери жаттығу Ресейдің "үлкен соғысқа" дайындалып жатқанын айғақтайтынын мәлімдеді.

Владивостокта 11-13 қыркүйек аралығында Шығыс экономикалық форумы өтеді. Оған Ресей президенті Владимир Путин қатысады. Кремль бұған дейін "Восток-2018" жаттығуына Путинмен бірге шетел басшылары қатыспайтынын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар