Елімізде орташа айлық жалақы 157 мың теңге болды
Елімізде орташа айлық жалақы 157 мың теңге болды
Үкіметте елдегі экономикалық даму мәселесі тілге тиек болды. 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша есеп берген Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпы ішкі өнім өсім 3,8 пайызды құрағанын алға тартты, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл өткен айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен. Министр өткен айдағы көрсеткіштермен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмайтынын айтты. Еліміздің солтүстік Батысы мен Түркістан өңірінде өнеркәсіп төмендеген. Ал экономиканы кредиттеу 1,9 пайызға өскен. Сондай-ақ аталған кезеңде 300 мыңға жуық адамның жұмысқа орналасқанын мәлімдеді. Ал, орташа айлық жалақы 157 мың теңгенің шамасында екен.