Ұлыбритания ұшатын такси жасап шығарды

Ұлыбритания ұшатын такси жасап шығарды

Ұлыбритания ұшатын такси жасап шығарды
ашық дереккөзі
Алдағы төрт жылда Ұлыбританияда EVTOL (Electric Vertical Take Off and Landing) тік ұшатын және қонатын электр батареясымен жұмыс істейтін такси  пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап. Дүйсенбі күні The Times газеті жазғандай,  ерекше ұшатын құрылғы жергілікті әуежайдың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, атмосфераға көмірқышқыз газдың таралуын азайтады. Құрылғыны 2016 жылы Бристолде Стивен Фитцпатрик негізін қалаған Vertical Aerospace аэроғарыш компаниясы жасап шығарды. Ұшатын аппарат тиісті қауіпсіздік сертификаттары алынғаннан кейін 2022 жылы пайдалануға беріледі. Сынақтан өткен үлгісі 150 шақырымға дейін төрт жолаушыны тасымалдай алады. Ұшатын таксидің максималды жылдамдығы 300 км/сағатты құрайды. Vertical Aerospace өкілдері атап өткендей, ұшатын такси қалалар арасында қатынайтын болады.