Жаңалықтар

Кинотеатор маңында белгісіз біреу көшедегілерге пышақ ала жүргірген

ашық дереккөзі

Кинотеатор маңында белгісіз біреу көшедегілерге пышақ ала жүргірген

Париждің қақ ортасындағы кинотеатор маңында белгісіз біреу көшедегілерге пышақ ала жүргірген. Салдарынан кем дегенде 7 адам жарақат алыпты, деп хабарлайды  24.kz. Қазір олардың бесеуі ауыр халде жатыр. Оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 22.45 шамасында тіркелді. Куәгерлердің бірі пышақпен қаруланған қаскөйге сес көрсетіп, темірмен жасқап, тас лақтырып үркіткенімен, ол көп ұзамай тағы екі британдық туристке пышақ сұққан. Қазір күдікті қамауға алынды. Бұл әрекетке оны не итермелегені әзірге белгісіз. Тиісті мекемелер оқиғаның лаңкестікке қатысы жоқ деп мәлімдеді.