Жаңалықтар

Отан алдында ант берді

ашық дереккөзі

Отан алдында ант берді

2018 жылдың 8 қыркүйегінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының саптық алаңында сымдай тартылған 166 болашақ офицер Отан алдында ант беріп, Қарулы Күштеріміздің қатарын толықтырды. Салтанатты рәсімге Қарулы Күштеріміздің ардагер офицерлері, жергілікті басқару әкімшілік өкілдері, курсанттардың жақын туыстары, ата-аналары қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінен, Республикалық әскери мектептерінен іріктелген сайдың тасындай курсанттар әскери оқу-орнында бес жыл оқып офицер атанбақ. Білімдері, моральдық-психологиялық көрсеткіштері және дене дайындығы жоғары азаматтар, мандаттық комиссия шешімімен оқуға қабылданған күннен бастап бір ай бойы жауынгерлік дайындықтың кезеңдік дәрістерінен өтіп, Әскери ант қабылдап, толыққанды курсант атанды.