Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінде үздік режиссер атанды

Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінде үздік режиссер атанды

Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінде үздік режиссер атанды
ашық дереккөзі
Венеция кинофестиваліндегі «Көкжиек» байқауының үздік режиссер атағын қазақстандық Эмир Байғазин жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кинофестивальдің аталған байқауына қазақстандық режиссер Эмир Байғазин «Өзен» фильмін ұсынды. Сондай-ақ, жалпы кинофестивальде «Әруақ» (реж.Х.Ахметов), «Әміре» (реж. Д.Веспа), «Талан» (реж. Б.Қалымбетов), «Ол» (реж. А.Сатаев), «Алмас қылыш» (реж. Р.Әбдрашев), «Анаға апарар жол» (реж. А.Сатаев), «Оралман» (реж. С.Құрманбеков), «Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» (реж. Т.Теменов), «Шыңырау» (реж. Ж.Жетіруов), «Жат» (реж. Е.Тұрсынов). Бұдан бөлек «Күлтегін» (реж. А. Әбілдинов), «Jumper» (реж. Арман Бейсембаев) және «Мұзбалақ» (реж. Т.Майдан, Т.Төлеуғазы) сынды отандық анимациялық фильмдердің трейлерлері көрсетілді. Айта кетейік, «Көкжиек» бағдарламасы Венеция кинофестивалінің негізгі конкурсынан кейінгі маңызға ие байқау.