БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН...

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН...

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН...
ашық дереккөзі
1 қыркүйек күні Алматыда бірінші рет инклюзивті білім алуға толық жағдай жасалған мектеп ашылды. Алғашқы қоңырауы соғылған жаңа мектеп Наурызбай ауданындағы Ақжар ауылында орналасқан. 1 мың 200 орындық білім ошағында робототехника кабинеттері, физика мен химияның арнайы сыныптары, ата-аналардың демалыс бөлмелері, ойын алаңдары бар. Мұнда сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілгендіктен барлық жабдықтар мен мектеп жиһаздары қабырғаларға мықтап бекітілген. Сондай-ақ, мектеп ғимараты тактильді жолмен, нашар көретін балалар үшін Брайльдің рельефті-нүктелі шрифтері арқылы дәріс беретін сыныптармен, арнайы санитарлық бөлмелермен және шақыру нүктелерімен толық қамтамасыз етілген. Биыл 240 мыңнан астам алматылық оқушы мектепке барса, олардың 25 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Білім күнінің қарсаңында Алматыда 2300 орындық тағы жаңа 4 мектеп пайдалануға берілді.