6 Қыркүйек, 15:03 169 0 Аймақ Әсел ӘНУАРБЕК

Таразда азаматтық орталық ашылды

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында облыстық үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық орталық ашылды.

Орталық қызметі азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін қызметтердің әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімділігін қамтамасыз етуді, үкіметтік емес ұйымдардың сапалы қызметтеріне кедергісіз және жеңіл қолжетімділікті қамтитын пайдалылыққа бағытталатын болады.

Негізгі міндеттерді іске асыру үшін Орталық келесі функцияларды жүзеге асырады: Орталыққа жүгінген жағдайда ҮЕҰ-ға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар бойынша, сондай-ақ сыйлықақылар беру бойынша конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауда әдістемелік көмек көрсету; әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде материалдық-техникалық көмек көрсету және ұйымдық ықпал ету (дөңгелек үстелдер, ҮЕҰ-мен кездесулер, дәрістер және т.б. өткізу); ҮЕҰ кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу; ротациялық (бекітусіз) негізде жұмыс іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды қысқа мерзімге ұсыну; ҮЕҰ қызметін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, консалтингілік және білім беру қызметтерін көрсету; азаматтық сектор арасындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін дамытуға ықпал ету; бизнес – ҮЕҰ – мемлекет сектораралық әлеуметтік серіктестігін дамыту; мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;

Сонымен қатар, Орталықтың жұмысы аясында «ҮЕҰ мектебі», көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауы ұйымдастырылып, Орталықтың интернет-сайты жұмыс жасайды.

Орталықтың құрылымына 70 адамға арналған мәжіліс залы, ақпараттық-кеңестік және әдістемелік офистер кіреді.

Соңғы жаңалықтар