Мүжіліп жатқан мұздықтар

Мүжіліп жатқан мұздықтар

Мүжіліп жатқан мұздықтар
ашық дереккөзі
Еуропада осы жазда болған аптап ыстық мұздықтардың еруін жылдамдатты. Бұл құбылыс Швейцариядағы Альпі тауларындағы Рона мұздығына да әсерін тигізді. Қар жамылғысы жұрттың көз алдында еріп жатыр. Мұздықтағы үңгірді қызықтаушы туристер жаппай еріген қар суының тоқтаусыз ағып жатқанының куәсі болуда. Лозанна университетінің сарапшысы Кристоф Ламбьельдің түсіндіруінше, әзірге мұздықта ерімей тұрған қар жеткілікті. Бірақ қар біткен соң, мұзға кезек келмек. Рона мұздығы ерімес үшін еріктілер оны арнайы оқшаулағыш шүберекпен жабуда. Бұл мұздықты қорғай  ала ма,  оны уақыт көрсетеді. Ал басқа мұздықтардың жағдайы тым мүшкіл. Кристоф Ламбьельдің сөзіне қарағанда, енді 20 жылдан соң көптеген шағын мұздықтар жоғалады. Ал Рона мұздығы болса, соңғы 120 жыл ішінде 1400 метрге кеміген. Оның көлемі әр күн ысыған сайын 10-12 сантиметрге кеміп келеді. Еріген мен мүжілген бірдей емес пе?! Айналып келгенде мұздықтардың жойылуына әкеліп соғатын ауыр құбылыс қой.