БҰҰ: Ауғанстанның дамуына Қазақстанның қосып отырған үлесі зор
БҰҰ: Ауғанстанның дамуына Қазақстанның қосып отырған үлесі зор
Ауғанстанның бейбітшілік заманда дамуында Қазақстанның ролі зор. Елордадағы аймақтық конференцияға келген БҰҰ-ның өкілдері осындай пікірде, деп хабарлайды Хабар 24.
Басқосу Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өткізіліп отыр. Айта кетейік, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуі барысында, 8 жыл ішінде алғаш рет кеңес мүшелерінің Ауғанстанға іс-сапары ұйымдастырылды. Бұдан басқа, Қазақстан ауған еліне әрдайым гуманитарлық қолдау көрсетеді. Мектеп, аурухана және көпір құрылысында біршама көмек берілген. Ал, 2010 жылдан бастап Ауған азаматтарының білім алуына мың грант бөлінді.
«Қазақстан тарапы нәзік жандылардың тұрақтылық және бейбітшілік сақтау жолындағы рөлін жете түсінеді. Сіздердің елдеріңіз, ауғандық әйелдердің білім алуына барынша қолдау білдіріп жатыр. Бұл бағытта 50 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлінді. Азаматшалардың Қазақстанға келіп, оқу оқып әрі қарай өз мемлекетіңде қызмет етуіне мүмкіндік бар» – деді БҰҰ Әйелдер бағдарламалық директоры Мария Ноэль Ваеза.