Үндістанда көпір қирап қалды

Үндістанда көпір қирап қалды

Үндістанда көпір қирап қалды
ашық дереккөзі
Үндістандағы Калькутта қаласында бетон көпір опырылып түсті. Оқиға болған сәтте көпір үстінде бірнеше жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы болған, деп хабарлайды Хабар 24. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, кем дегенде 5 адам қаза тапты. Жарақат алған 8 адам ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік әзірше нақты ақпарат таратқан жоқ. Апат орнында құтқарушылар мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Үйінділер астында әлі ондаған адамдардың болуы әбден мүмкін. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.