Жапонияға «Джеби» тайфуны жақындап келеді
Жапонияға «Джеби» тайфуны жақындап келеді
Осы орайда 589 әуе рейстері кейінге шегерілді. Табиғат апатынан теміржол компаниялары да зардап шегуде, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті билік аймақтағы 380 мың тұрғынды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Олар арнайы орталыққа жеткізіліп жатыр. Жойқын дауыл күшейіп, елдің оңтүстік шығысынан солтүстігіне қарай бағыт алды. Мамандар тайфун елдің барлық аумағынан өтуі мүмкін деп болжап отыр. Дауыл көзі орталығында қысым 945 гектопаскальға дейін көтерілген. Ал жел жылдамдығы секундына 45 метр. Мамандар «Джеби» биыл болған ең жойқын тайфун деп есептейді.