Қазақстанда қайтарылмаған банк несиесі 700 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда қайтарылмаған банк несиесі 700 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда қайтарылмаған банк несиесі 700 млрд теңгеге жетті
ашық дереккөзі
Екінші деңгейлі банктерден несие алып, қайтармаған қазақстандықтардың мерзімі өткен берешегі 700 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «1 шілдедегі ахуал бойынша жеке тұлғалардың қарызы 4 544 млрд теңге. Бұл банк секторындағы қарыз портфелінің 33,7 пайызы. Ал тұлғалардың мерзімі өткен берешегі 691,9 млрд теңгеге жеткен», - делінген агенттіктің реттеуші банкке жолдаған сауалына берген жауабында. 1 шілдедегі ахуалға сүйенсек, 4,58 млн қазақстандық қарыз алған. Сондай-ақ басқарушы банк микроқаржы секторы бойынша жеке есеп жүргізген. 1 шілдедегі жағдайға сәйкес микроқаржы ұйымдарынан 306,8 адам жалпы сомасы 188,1 млрд теңге қарыз алған. «379,2 мың адамның 90 күндік мерзімі өткен берешегі бар. (Бұл жалпы қарыз алушылардың 8,3 пайызының көрсеткіші)», - деп мәлім етті Ұлтық банктегілер.