Ата Заң - елдің айбары

Ата Заң - елдің айбары

Ата Заң - елдің айбары
ашық дереккөзі
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Айтулы мерекеге арналған шаралар кешеден бастап-ақ еліміздің барлық өңірлерінде қолға алынуда. Конституция күніне орай ұйымдастырылған шаралардан Жамбыл облысы да кенде емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына жолдаған «Қазақстан – 2050» ауқымды стратегиялық бағдарламасы, оны толықтыратын «Нұрлы жол» –болашаққа бастар жол» бағдарламасы, сондай-ақ, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосуға жетелейтін бес институттың реформасы және оны жүйелі түрде жүзеге асыруға бағыттайтын «100 нақты қадам» бағдарламасының орны бөлек. «100 нақты қадам» ұлт жоспарында заңның үстемдігін қалыптастыруға ерекше мән берілген. Ал заңның үстемдігіне қол жеткізуде Ата Заң маңызды рөл ойнайтыны айтпаса да белгілі. Осыдан 23 жыл бұрын Ата Заңымыз,  әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын негізгі құжат қабылданды. Онда 130-дан астам этнос пен 17 діни конфессия өкілдері бейбіт ғұмыр кешіп жатқан бөлінбес елдің тұтастығы айқындалды. Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, ұлы далада жаңа мемлекет, жаңа қоғам,  жаңа экономика құрылды. Кеше Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заңым – ардақтым» атты фестиваль өтті. Шараның көздегені –Қазақстан Республикасы жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының екінші кезеңін облыс орталығында іске асыру. Бұл фестивльде өнер көрсеткен жастар бойындағы дарыны мен шығрмашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елін,  жерін сүюге тәрбиелейтін птриоттық бағыттағы әндер жанырында сынға түсті. Фестиваль қортындысында, сурет салу мен ән айту бойынша үздік атанғандар арнайы номинациялар мен диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал бүгін Конституция күніне орай Жамбыл облысының әкімі  АсқарМырзахметовтің қатысуымен Тараз төрінде  салтанатты жиын өтті. «Конституция – кемел келешегіміздің кепілі». Сондықтан, бұл күннің маңызы биік, мәні бөлек, мәртебесі ерекше. Қазақстан бүгінде әлемдік аренада  қалыптасқан өзіндік орыны бар  мемлекет. Дүйім дүниенің дамыған  дамыған 50 елінің қатарына қосылды. «Жамбыл облысы да осы 23 жылда көптеген жетістіктерге жетті. Мәселен, жыл басынан бері өңірде жалпы өнім көлемі 265,0 миллиард теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті.  Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,9 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға өсім бар. Ағымдағы жылдың 7 айында бұл кәсіпорындармен   13,0 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы жылы 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, мұнда 947 жаңа жұмыс орны ашылмақ», – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов. Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Конституция бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі деді жиында сөз алған азаматтар. Ата-заң арқасында еліміздің көк байрағы биіктерде желбіреп, Қазақстанды бүгінде әлем таныды. Салтанатты жиында мінберге шыққан әрбір азамат парасатты пайымын жеткізуге тырысты. Елдік пен өрліктің, адалдық пен татулықтың кепілі болған Конституция күні мекересіне арналған іс-шара облыс өнерпаздарының орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасты. Ата Заң мерекесін ардақтауға арналған түрлі форматтағы  салтанатты жиындар аймақтар мен аудан – ауылдарда жалғасын табуда. Айбарлы еліміздің Ата заңы қабылданған күн Байзақ ауданында аталды. Мұнда салтанатты жиын өтіп аудан басшысы өңір жұртшылығын құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай – ақ, экономикалық – әлеуметтік дамуға ерекше үлес қосып, елеулі еңбек еткен бірқатар азаматтар құрметке бөленді. Конституция күнін Меркілік  жұртшылықта мерекелеуде. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде ресми түрде айтулы күн айшықталды.  Мұнда да аудан басшысы  сөз алып  қарқынды дамып келе жатқан еліміздің жетістіктерін атап шықты. Мұнан өзге аймақта белсенді қызмет атқарып, ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жиын аудан әкімдігінің мәдениет  бөлімі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Талас ауданының тұрғындары да мерекені тойлауға өз үлестерін қосты. Ортақ шегарамызды шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіткен еліміз күн артқан сайын әлем назарында.  Толағай жетістіктерге жетіп , қайнаған тіршіліктің бел ортасында өлшеусіз еңбегі сіңген бірнеше өңір азаматтары марапатқа ие болды. Дәл осындай мерекелік іс-шара Жамбыл ауданында да жалғасын тапты. 30-тамыз-Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні мемлекеттік мерекесіне  орай  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар сала қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиын соңында аудан жұртына концерттік бағдарлама ұсынылды.