Илья Ильин Қазақстан чемпионы атанды

Илья Ильин Қазақстан чемпионы атанды

Илья Ильин Қазақстан чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Зілтемірші Илья Ильин Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды 24.kz. Атақты атлет алғаш рет 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Бұл сайыста ол Әлішер Оразбеков пен Эльдар Сембаевтан озып кетті. Жұлқып көтеруде Ильяның үздік нәтижесі 172 келі болған. Ал серпе көтеруде 208 келі зілтемірді көкке көтере алды. Еске сала кетсек, Илья Ильин 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Оның жазасы биыл маусымда аяқталды. Енді Илья 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыспақ.