Шығыс Қазақстан облысына қар жауды
Шығыс Қазақстан облысына қар жауды
Әлеуметтік желілерде Семей қаласынан 300 шақырым қашықтықтағы Қайнар ауылын қар басқан суреттер мен видеолар тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін «Қазгидромет» қызметі өңірде қатты жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын, сондай-ақ, ауа температурасы үш градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған еді. Алайда мұндай болжам қыркүйектің 2-сінен 3-іне қараған түніне жасалған еді. Облыс орталығында түнде нөсер жаңбыр құйып өтті. Дәл қазір ауа темпатурасы 7 градус жылылықты көрсетеді.