Баркөл ауылы құрылды

Баркөл ауылы құрылды

Баркөл ауылы құрылды
ашық дереккөзі

Баркөл ауылы - Алматы облысы Қарасай ауданынан құрылды. Шетелден келген қазақтардың бастамасымен іргесі орныққан ауыл тұрғындары қоныс тойын жасады. Шараға аудан басшылары, ауылдың құрылуына ат салысқан азаматтар мен тәуелсіздік жылдарында елге келген ғылым және өнер қайтакерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Бүгінде жаңа құрылған ауылда 56 отбасы бар. Қарасай ауданы әкімшілігінің қолдауымен жаңа құрылған елді мекенге 200 ден астам отбасын қоныстандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауылдың болашақ жоспарына сай жаңа қонысқа алдағы уақытта мешіт және мектеп салу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, шетелден келіп қазақстанда еңбек етіп жатқан кәсіпкер азаматтар демеушілік жасайды деп күтілуде. Толығырақ, "Түркістан" газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.