Сочи әуежайында ұшақ өртенді

Сочи әуежайында ұшақ өртенді

Сочи әуежайында ұшақ өртенді
ашық дереккөзі
Ресейдің Сочи қаласында Boeing 737 ұшағы өртеніп, салдарынан 6 адам жарақат алды. 160 эвакуацияланған, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Ресми дерекке сүйенсек, ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, өртене бастаған. Апат орнына келген мамандар қызыл жалында бір сағаттың ішінде ауыздықтап үлгерген. Өртті сөндіруге 5 аранайы техника жұмылдырылған. Зардап шеккендердің барлығы да ауруханаға жеткізіліп, оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. «Апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін» дейді жергілікті басылымдар. Қазір осыған байланысты тергеу жүріп жатыр.