Астанада және бес облыста қар аралас жаңбыр жауады

31 тамыз, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Астанада және бес облыста қар аралас жаңбыр жауады Астанада және республиканың бес облысында дауылды ескерту жарияланды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Түнде 1-3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, түнде 2-3 қыркүйекте Қарағанды, түнде 3-4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%. 1-2 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде жаңбыр жаууына байланысты, кей жерлерде су деңгейлері күрт көтерілуі мүмкін. 1-3 қыркүйекте түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, ал 2-3 қыркүйекте түнде Қарағанды облысында, 3-4 қыркүйек күндері түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын (жаңбыр, қар) күтілуде.