Жаңалықтар

Бағлан Ибрагим еліміздің қоржынына 12-алтын медальді салды

ашық дереккөзі

Бағлан Ибрагим еліміздің қоржынына 12-алтын медальді салды

Самбодан Қазақстан командасының мүшесі Бағлан Ибрагим жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды,деп хабарлайды Хабар 24. 52 келіде сынға түскен балуан финалда моңғолиялық Эрденбаатар Шаалууды 4:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ бүгін самбошылар Қазақстан қоржынына екі қола жүлде салды. Бейімбет Қанжанов пен Айжан Жылқыбаева өз салмақтарында үздік үштікке енді.