Су астындағы шахмат

Су астындағы шахмат

Су астындағы шахмат
ашық дереккөзі
Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында суасты шахматынан біріншілік өтті. Ойын ережесі сол қалпы өзгеріссіз, тек өтетін орны ғана өзгерді. Тақта мен шахматтар бассейн түбіне магниттердің көмегімен бекітілген. Қарсыластар аквалангтың көмегінсіз, оттек толы баллонсыз кезек-кезек суға түсіп ойнады. Ең қызығы, оларға шахматты орнынан қозғап жүргізбейінше, судан шығуға болмайды. Қатысушылардың айтуынша, ойын қызық болғанымен, оңайға соқпаған. Жарыс төрт кезеңнен тұрады, әрбір матчтың ұзақтығы – 30-40 минут. Биылғы сайыста Райко Вуятович есімді Ұлыбритания азаматы қарсыластарын артта қалдырды. – Су астында өткізілген шахмат сайысында жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Өте қызықты өтті. Барлығы бұл жерге көңіл көтеру үшін келді деп ойлаймын, – деді жарыс жеңімпазы Райко Вуятович.