Жаңалықтар

Көпбалалы анаға көрсетілген көмек

ашық дереккөзі

Көпбалалы анаға көрсетілген көмек

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында және облысқа қарасты аудандарда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы» өтті. Бұл шара «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдарға халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіріп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңын ұсыну мақсатында ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қабылдау бөлімі ұйымдастырған акцияға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан, «Атамекен МО кәсіпкерлер палатасы», «Жаңа серпін» және МО жұмыспен қамтуды және үйлестіру, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан мамандар қатысты. Акция барысында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары түсіндірілді. Оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігімен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі бірлестіктер жұмыстарын ұйымдастыру үшін пікір алмасу алаңы ұсынылды. Жиналғандар өңірдегі жұмыссыздық деңгейін және онымен күресу жолдарын да талқылады. Сондай-ақ, «Жаңа серпін»  бағдарламасы бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық қабылдау бөлімінің сарапшысы Гүлзихан Тұрлыбаева акцияға облыстың 7 тұрғыны қатысып, мәселесі оң шешім тапқанын айтты. «Осы акцияға бүгін облыс тұрғындарынан жеті адам қатысып отыр. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келгендерге заң аясында жақсы нақты түсініктер берілді. Ішінде, әрине, жұмысқа түйіндемелер тапсырып, шешімін тауып отырған мәселелер бар. Бізде осы акция жыл басында, наурыз айында өткен болатын», – деді Гүлзихан Тұрлыбаева. Акцияға келіп, мәселесі оң шешілгендердің  бірі – қалалық ЖПИК қызметкері, 8 баланың анасы Сара Гауқанова. Оның айтуынша, жұмыс беруші мекеме себепсізден себепсіз жұмыстан шығарған. «Мені кеше кешкі сағат 16.00-де өзім қызмет атқаратын ЖПИК мекемесіне жиналысқа шақырып, жұмыста қысқарту болып жатқанын айтып, ертең өз қызметіме келмей-ақ қоюымды сұрады. Тұңғышым мүгедек, көпбалалы ана ретінде «Алтын алқа» иегерімін. Маған жұмысқа қайта оралуға көмектесуді сұраймын», – деді Сара Гауқанова. Нәтижесінде «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының төраға орынбасары Қалиолла Сахипов қалалық әкімшілік тарапынан жер  қатынастары инспекциясы ЖПИК басшысы Рысбек Мергенов мырзаға тікелей шығып, Сара Гауқанованың қайта жұмысқа орналасуына жағдай жасады.