Таңғалдырған Цукерберг
Таңғалдырған Цукерберг
Facebook компаниясы 2020 жылға қарай өз кәсіпорындарында атмосфераға зиянды заттарды шығару көлемін 75 пайызға қысқартып, толығымен қалпына келетін энергия көздеріне көшуді мақсат етіп отыр.
«Бүгін біз парниктік газдар шығару көлемін 75 пайыз қысқартып, 2020 жылға қарай жаһандық операциялардың 100% қалпына келетін энергия көздерінде орындалуын қамтамасыз ету міндетін мойнымызға алып отырмыз», – деп мәлімдеді Facebook өкілдері. Компания 2013 жылдан бері Күн батареялары мен жел электр станцияларының есебінен алынған 3 ГВТ электр энергиясын сатып алу бойынша келісімшарттар жасаған. 2015 жылы Facebook 2018 жылға қарай өз кәсіпорындарының 50 пайызын қалпына келетін энергия көздеріне өткізуге уәде берген болатын. Компания бұл міндетті 2017 жылы орындағанын мәлімдеген.