Қола дәуірінің адамы

Қола дәуірінің адамы

Қола дәуірінің адамы
ашық дереккөзі
Осыдан аз ғана уақыт бұрын Семей қаласының маңынан табылған адам сүйегіне қатысты қазір осындай болжам бар. «Мұқыр аңшысы» деп ат берілген адам қаңқасын және онымен бірге табылған заттарды терең зерттесе, бірнеше мыңжылдық жайлы дерек беретін құпиялар ашылуы мүмкін дейді семейлік өлкетанушылар. Осы жылдың мамыр айының соңында «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері Мұқыр өзенінің бойынан тапқан қола дәуіріне тиесілі деп болжанған адам және жылқының қаңқаларын зерттеп көргендер «аңшы адам көктемде жардан құлап мерт болған» деп болжайды. Қазір сүйектер табылған жер келесі жылға дейін қайта көмілген. Тарих ғылымдарының кандидаты Амантай Исиннің пікірінше, табылған адам сүйегіне қарап оны ғұн-сармат, түркі заманында немесе моңғол дәуіріне дейін өмір сүрген деп болжауға болады екен.  Қазірше ол «Мұқыр аңшысы» деген шартты атаумен аталған. «Мұқыр аңшысы» деген атау жәдігерліктің ерекшелігін бірден еске түсіруге және танымал болуына  зор әсер етпек. Өйткені нөмірленген ескерткіштердің көптігі олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтауда қиындық тудыратыны көпке белгілі болды.