Алматы қаласы Алатау ауданында Қазақстан халқы тілдері күні өтті
Алматы қаласы Алатау ауданында Қазақстан халқы тілдері күні өтті
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тіл - татулық тірегі" атты байқау және флешмоб өтті.
Бұл шара Қазақстан Республикасы бойынша тұңғыш рет жергілікті әскери басқару органдарын басқарған әйел-әскери қызметші Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Гаухар Сырлыбаева ұйымдастырды. Ол қазіргі таңда елбасы Н.Назарбаевтың үштұғырлы тіл саясатын қолдайтынын, әсіресе мемлекеттік тілдің орны ерекше екенін атап өтті. Қазіргі таңда әскери қызметшілер мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, тәуелсіз еліміздің нығаюына өз үлестерін қосуда деді. Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері байқау барысында өздерінің бар өнерін салып, татар, орыс, үнді, ұйғыр ұлттарының өлеңдерін оқып, билерін биледі. Өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін көрсетті. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдері Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды. Байқауға Алмаьы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндеші басқармасының жеке құрамы қатысты. Байқаудың негізі мақсаты - Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шешендік қабілетін дамыту, мемлекеттік тілде жұмыс істейтін әскери қызметшілерді көтермелеу.
Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, олар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. Мемлекеттік тілге деген құрмет өз жалғасын таба бермек.