Трамп Ақ үйдің атынан Маккейнді мақтауға тыйым салды

Трамп Ақ үйдің атынан Маккейнді мақтауға тыйым салды

Трамп Ақ үйдің атынан Маккейнді мақтауға тыйым салды
ашық дереккөзі
Ер есімі ел есінде. Бірақ АҚШ президентінің бұл мәтелге қатысты көзқарасы бөлек екен. Сонымен Дональд Трамп АҚШ сенаторы Джон Маккейннің өмірден озғаны туралы ресми мәлімдемені жариялауға тыйым салды. Бұл мәлімдемеде Маккейннің Құрама Штаттарға сіңірген зор еңбегі мадақталып, оның батырлығы туралы айтылған, деп хабарлайды Хабар 24. Бірақ Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс және АҚШ президенті әкімшілік аппаратының басшысы Джон Келли Маккейннің батырлығы баяндалған құжатты жариялауға Трампты көндіріп баққан екен. Тіпті бұл құжат сенатор өмірден озғанға дейін алдын ала жазылып қойылған болып шықты. Алайда Ақ үй иесі үзілді-кесілді қарсылық танытты. Еске сала кетсек, 25 тамызда АҚШ сенаторы Джон Маккейн 82 жасқа қараған шағында мидағы қатерлі ісік дертінен қайтыс болды.