Азиада-2018: Қазақстандық теннисшілер алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

24 тамыз, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Азиада-2018: Қазақстандық теннисшілер алғашқы жүлдесіне қол жеткізді Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында  теннистен жұптасып сынға түсуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада жұптасып сынға түскен теннисшілер Анна Данилина мен Гөзаль Айнитдинова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда Данилина/Айнитдинова жұбы Тайпей спортшыларына 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, теннисшілер Азия ойындарындағы алғашқы медалін жеңіп алды. Бүгін Бублик/Евсеев жұбы Азиаданың алтынына таласады. Біздің спортшылардың финалдағы қарсыласы - Үндістан командасы.