ҚазҰУ жаһандық жобалармен таныстырды
ҚазҰУ жаһандық жобалармен таныстырды
Таяуда халықаралық жастар күні мерекесіне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму Институтының жаһандық жобаларының таныстырылымы өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ United Nations Academic Impact (UNAI) трақты даму бойынша жаhандық хабы үстіміздегі жылдың тамыз айының соңында Альпбахта (Австрия) өтетін ірі халықаралық Форумда аталмыш жобаларды таныстыруды жоспарлап отыр.
Халықаралық жастар күні мерекесі аясында ҚазҰУ-нің Бірінші проректоры, профессор Бүркітбаев Мұхамбетқали халықаралық академиялық қауымдастыққа, оқытушылар мен студенттерге арналған тұрақты даму Институтының академиялық және ғылыми-зерттеу бағдарламалырын таныстырды.
Бірінші проректор БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаның Бас Хатшы ретіндегі белсенді жұмысының арқасында "Академиялық ықпал" бағдарламасы, Ғаламдық азаматтық бағдарламасы сияқты БҰҰ-ның жаһандық жобалары жүзеге асырылып, адамзаттың тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) анықталғанын атап өтті.
2018 жылдың мамыр айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму Институтын ашып, әлемдегі Пан Ги Мун атындағы халықаралық орталықтардың үшінші жаһандық хабы болды.
Бұл университетке жаһандық ақыл-ми орталығына айналуына және көптеген халықаралық алаңдарда, соның ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ), Шығыс экономикалық форум (ШЭФ) және т. б. халықаралық экономикалық форумдар платформалары секілді орнықты дамуға мүмкіндік береді.
"ҚазҰУ-дың академиялық ықпал ету жаһандық Хабына (UNAI) жетекшілк ету қызметіне БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі және әсіресе БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат Департаменті, сондай-ақ ҚР сыртқы істер Министрлігінің Алматы қ. өкілдігі үлкен қолдау көрсетеді, олар Алматыны БҰҰ өңірлік Хабқа айналдыруда белсенді жұмыс істеуде" - деді Бірінші проректор М. Бүркітбаев.
"Мен үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сиякты университетпен бірге жұмыс істеу үлкен мәртебе, - деді БҰҰ өкілі, UNIC директордың м.а. Абдурахим Мухидов - оның тұрақты даму мәселелері бойынша әлемдік академиялық қоғамдастықты үйлестіруші ретіндегі зерттеу және жүзеге асыру инновациялық қызметі БҰҰ-ның жүйесінде, елде және аймақта тиімді, сұранысқа ие және өте жоғары бағаланады".
«ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларын дамыту ісінде танылған көшбасшы. Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму Институтынығ ашылуы БҰҰ-ның сенімін нығайта түсті» - деді өз сөзінде, Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму Институтының директоры Рафис Абазов.
Сондай-ақ, ол бұл бүкіл Қазақстанның жетістігі және университеттерді дамыту үшін «ақылды» (smart) тәсілдің қажеттілігін тағы да бір растайды.
Ол Институттың инновациялық бағдарламаларын үш негізгі бағыты бойынша таныстырды:
- ақылды тұрақты қалалар және урбанизация;
- тұрақты (жасыл) энергия және энергетикалық баланстың болашағы;
- тұрақты экожүйелер, экотуризм және планетаның тұрақты болашағы.
«Біз Қазақстандағы жетекші оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тұрақты даму Институты ашылғанын қуана құптаймыз. Біздің ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге шығады, БҰҰ және адамзаттың мәселелерін шешудегі халықаралық қоғамдастықтың мүдделеріне бүтіндей жауап береді" - деп атап өтті Институт Директоры Р. Абазов.
ҚР сыртқы істер Министрлігінің Алматы қ. өкілдігінің басшысы Бөлтіріков Руслан мырза ҚР-ның БҰҰ қызметі бойынша тұрақты даму тұжырымдамасын халықаралық қауымдастық арасында талқылау мен ілгерілетуге қосқан үлесі туралы баяндады.
Ол Рио+20 халықаралық форумында 21 ғасырдың мәселелерін талқылау кезінде СІМ-нің және ҚазҰУ академиялық қоғамдастық қызметінің маңыздылығын, сондай-ақ, 2015 жылғы Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарының жаһандық тұжырымдамасын дайындау мен қабылдаудағы айтарлықтай үлесін атап өтті.
БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат Департаментінің өкілі, Исламабадтағы UN DPI міндетін уақытша атқарушы директоры Властимил Самек мырза шара қатысушыларымен шетелден бейне хабарлама арқылы байланысып, Халықаралық жастар күнінің жастардың әлемде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру және жаһандық климаттық өзгерістер қатерлеріне шешімін табудағы маңызды рөлін атап өтті.