Жаңалықтар

 Үш автожол ақылы болады

ашық дереккөзі

 Үш автожол ақылы болады

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ақылы жүйені енгізу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жолдың ақысы республикалық маңызы бар жолдардың 27%-ында алына бастайды. Бұл - 6,5 мың километр», - дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Темірхан Меңдіғалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Ол қазіргі кезде «Астана - Теміртау», «Алматы - Қапшағай» және «Алматы - Қорғас» автожолдарында ақылы жүйені енгізу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жүйе сынақ түрінде пайдаланыла бастайды.