СОЛТҮСТІККЕ КӨШ ТҮЗЕГЕН КҮНГЕЙЛІКТЕР

СОЛТҮСТІККЕ КӨШ ТҮЗЕГЕН КҮНГЕЙЛІКТЕР

СОЛТҮСТІККЕ КӨШ ТҮЗЕГЕН КҮНГЕЙЛІКТЕР
ашық дереккөзі
Қазақстанның оңтүстік аймақтарының тұрғындары соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанға көптеп қоныс аударуда. Биыл жыл басынан бері еліміздің солтүстік аймағына 188 отбасы көшкен. Өткен жылдың 12 айында Түркістан облысынан 193 отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған болатын. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері арнайы мәлімдеме жасап отыр. Бір айта кетерлігі, отбасының әр мүшесіне 76 мың теңге көлемінде көшерпұл қарастырылған. Сондай-ақ, қоныс аударушы отбасы баспана жалдау мен коммуналдық қызмет төлемдеріне де ақша алады. Ол қаржыны бірыңғай төлемақы ретінде бірден алып, тұрғын үй сатып алуға да болады. Тұрғылықты мекенжайын өзгертуге шешім қабылдағандар солтүстік аймақта педагог, дәрігер сияқты мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуда. Арнайы дипломы жоқтар ауыл шаруашылығымен айналысуды қош көреді екен.