Конгодағы қауіпті кесел
Конгодағы қауіпті кесел
Конгода осымен оныншы рет вирус таралып отыр. Эболаның негізгі ауру ошағы деп табылатын бұл мекенде 1976 жылы аттас өзеннен дәл осы вирустың алғашқы белгілері анықталған еді. Гвинея, Сьерра-Леона мен Либерия ауыр зардап шегіп жатқан аймақтар қатарында. Вирус жұқтырғандар саны күн санап артуда. Күні бүгінге дейін эбола вирусын 11 мыңнан астам адам жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеселдің алдын алатын вакциналарды дайындап, сынақтан өткізуде. Бұл вирус өлімге апарып соқтыру көрсеткіші бойынша ерекшеленеді. 17 тамызда медицина қызметкерлері 500-ден астам адамға екпе жасаған болатын. Эбола вирусын жұқтырған адамның ыстығы көтеріліп, қалтырап-дірілдей бастайды, жүрегі айнып, лоқсиды. Қан кетеді. Вирус ошағынан ауру тараған кезде қазаға ұшырау көрсеткіші 25-90 пайыз аралығында болады.