Қызылша дерті жайлаған кәрі құрлық

Қызылша дерті жайлаған кәрі құрлық

Қызылша дерті жайлаған кәрі құрлық
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сәйкес, биыл Еуропада қызылша ауруын жұқтырған адамдардың саны соңғы он жыл ішінде рекордтық көрсеткішке жеткен. Аталмыш дертке шалдыққандардың басым көпшілігі Сербия және Украина елдерінің азаматтары болып шықты. Еуропа аумағында қызылшаны 41 мың адам жұқтырып, салдарынан 37 кісі қаза тапқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жарты жыл ішінде 7 елдің мыңнан астам тұрғыны ауруды жұқтырған. Олардың  қатарында  Ресей (1396 жағдай), Франция (2579 жағдай), Грузия (1128 жағдай), Украина (жарты жылда 23070 жағдай), Италия (2020 жағдай), Сербия және Грекия (сәйкесінше 4954 және 2476) елдері бар. «Қызылша жұқпасы оңай жолмен жұғады әрі жылдам тарайды. Эпидемияның алдын алу үшін қауырт жұмыс атқарылуы керек, сондай-ақ, бұрын-соңды вакцина егілмеген адамдардың иммунитетін күшейту бойынша шаралар жүргізу қажет», – деп ескертеді Дүниезжүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Беделді халықаралық ұйымның мағлұматтарына сәйкес, 2016 жылы жер бетіндегі әр оныншы бала қажетті екпе жасатпаған.