Астаналық 8 мыңнан астам дәрігер шетелде білім алады

Астаналық 8 мыңнан астам дәрігер шетелде білім алады

Астаналық 8 мыңнан астам дәрігер шетелде білім алады
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылы 8 мыңнан астам астаналық дәрігер шетелдің жетекші клиникаларында білімдерін жетілдіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биылғы жылы ел ішінде және одан тыс жерлерде - Израиль, Оңтүстік Корея, Ресей, Финляндия және Канаданың жетекші клиникаларында шамамен 8 мың елордалық дәрігер мен медбикені оқыту жоспарланып отыр. Одан бөлек 70 медицина қызметкері жаңа медициналық технологияларды енгізу бойынша білім алады. Сондай-ақ корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша 2017 жылы 4 049 медицина қызметкері денсаулық сақтау менеджерлерін оқыту, медициналық ағылшын тілін оқыту, диагностикалау мен емдеудің жоғары технологияларын енгізу бойынша білімдерін жетілдірді, деп хабарлайды қоғамдық денсаулық басқармасы. Басқарма басшылығының деректеріне сүйенсек, биыл елімізде тұңғыш рет 18 медицина қызметкері Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде мейірбикелік менеджмент бағдарламасы бойынша дәріс алды. Бұл өз кезегінде медициналық көмекті дамытуға қосымша серпін береді. Қазіргі таңда акушерлік, шұғыл көмек, хирургия, денсаулық сақтау менеджменті және т.б. мамандарды үздіксіз оқыту үшін үздік халықаралық клиникалармен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Айта кету керек, біліктілікті арттыру бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында Қазақстанда алғаш рет остеосинтез және кіші жамбас сүйегінің сынуы бойынша екі озық операция жасау енгізілді.