Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті

Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті

Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті
ашық дереккөзі
Үндістанның Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.  Билік өкілдері 3 500 лагерь құрды, онда табиғи апаттан зардап шеккен 1,2 миллион адам қоныстанды. Шенеуніктердің мәліметінше, мыңнан аса адам із-түссіз жоғалып кеткен. Штатта жауған жаңбыр мөлшері маусым мен қыркүйек айларының аралығында жауатын жаңбыр мөлшерінен 40 пайыздан асқан. Соңғы он күнде жауған нөсер жаңбыр жауғаннан кейін, шенеуніктер оннан аса қауіпті бөгетті ашып жіберген. Кераланың бас министрі Пинарайи Виджаян бұл жағдайды Үндістан тарихында болған ең ірі апат деп бағалады. Босқындардың қоныстанған мекені Швейцарияның жер көлемімен бірдей болған. Reuters мәліметінше, адамдардың тұрып қалған судан тараған жұқпалы ауруларды жұқтырған-жұқтырмағанын тексеріп жатыр екен. Кей жерлерде судың деңгейі 60 сантиметрден асады. Апатты жою үшін 1,4 миллиард доллар қаражат тартылады.