Алматылықтар Құрбан айт мерекесіне орай асық атудан жарысты

Алматылықтар Құрбан айт мерекесіне орай асық атудан жарысты

Алматылықтар Құрбан айт мерекесіне орай асық атудан жарысты
ашық дереккөзі
Алматылықтар да Құрбан айт мерекесін шын мәнінде өз дәрежесінде атап өтті. Жұрт болып сап түзеп, айт намазын оқыған соң көпшілік әкімшілік пен муфтият ұйымдастырған спорттық сайыстарда бақ сынады, деп хабарлайды Хабар 24. Білекті жігіттер қошқар көтеріп, қол күрестірді. Бақ сынаушылар арасында қошқарды ең көп көтерген адамға Шопан ата түлігі сыйға беріледі. Бұған қоса, жарысқа қатысушылар өрмелеу машығын паш етіп, баған басындағы сыйлықты олжалады. Орталық мешіт аумағында ұйымдастырылған шараға 500-ден аса адам қатысты. Келушілерге дастархан жайылып, құрбандық еті таратылды.