Алматыда малды тек белгіленген жерде сату керек
Алматыда малды тек белгіленген жерде сату керек
Алматы полицейлері рұқсат етілмеген жерлерде мал сатуға тыйым салынатынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы Алматы қаласы бойынша Құрбан айт мейрамы кезінде құрбандық малын сату үшін үш нүкте белгіленгенін хабарлады. Олар:
1. «Ic-commerse» ЖШС-ның малды сою пункті. Мекенжайы: Жетісу ауданы, Полежаев көшесі, 93 А үй.
2. «Таусамалы» базары. Мекенжайы: Наурызбай ауданы, «Таусамалы» шағын ауданы, Қонаев көшесі, 2 үй.
3. «ДИ» кешенінің маңындағы алаң. Мекенжайы: Наурызбай ауданы, Жандосова көшесі, 2 үй.
Алматы қалалық ІІД Жергілікті полицей қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исин малды белгіленбеген жерлерде сату сауда жасаудың рұқсат етілмеген түріне жататынын айтты. Мұндай әрекет жасаған азаматтар ҚР әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.