Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ

Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ

Меккеде болған дүлей дауылдан қазақ қажылары зардап шеккен жоқ
ашық дереккөзі
Құрбан айт қарсаңында Меккеде дүлей жел тұрып, қажылыққа келгендердің уақытша тұрағындағы шатырларды ұшырып әкетті. Желдің соңы нөсер жауынға ұласқан. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Бұл туралы  КТК  телеарнасы хабарлады.  «Аллаһқа шүкір, табиғаттың тосын осындай оқиғасынан біздің қажыларымыз ешқандай зардап шеккен жоқ.Діни басқарма жанындағы дәрігерлер тобы күн сайын, сағат сайын, сәт сайын қадағалап отыр. Қазір өзіңіз  көріп тұрғандай ауа райы жақсы тұрақты күн ашық. Дәл қазір Арафат жазығында ойпатында біздің қажыларымыз құлшылық жасап, елдің бірлігі үшін дұға жасауда», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Сыдықов. Биыл 3 мың қазақстандыққа қасиетті Меккеге аттануға квота бөлініпті. Жел ұшырып әкеткен шатырлардың бәрі қалпына келтіріліпті.  Сауд Арабиясы үкіметінің   азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары мұсылмандық парызын өтеуге келген жандардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар жасалғанын айтуда. Меккеде қазір 43 градус ыстық. Арапа күні яғни бүгін сонда жүрген күллі мұсылман қасиетті Қағбадан 20 шақырым жердегі тауға шығып, сайтанға тас атады.