Жаңалықтар

Маңғыстаулық полицейлер 300 келіге жуық бекіре тәркіледі

ашық дереккөзі

Маңғыстаулық полицейлер 300 келіге жуық бекіре тәркіледі

Маңғыстаулық полицейлер 300 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды  24.kz. Ақтау-Форт Шевченко тас жолында өткен рейд кезінде үш автокөлік тоқтатылады. Бірінің жүк салғыш қорабынан 240 келі бекіре табылған. Қалған екі көліктен бірнеше келі аулауға тыйым салынған балық анықталып отыр. Қазір үш бірдей қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп немесе 3 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.