Жаңалықтар

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

ашық дереккөзі

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

Қазақстанға Ресейден бензин импорттауға салынған тыйым 26 тамыз күні күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2018 жылдың 3 шілдесінде шыққан «Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Энергетика министрінің бұйрығы 2018 жылдың 16 тамызында «Казахстанская правда» газетінде жарық көрді. Құжатқа сәйкес, Ресейден Қазақстанға теміржол көлігі арқылы бензин тасымалдауға (код: ТН ВЭД 27101241 - 2710125900) үш ай мерзімге тыйым салынады. Аталған бұйрық ресми жарияланған сәттен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұған дейін ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов мұндай тыйымды Қазақстан нарығында бензиннің шектен тыс көптігімен түсіндірген еді. «Зауыттар жаңғыртылғаннан соң, қазіргі уақытта бізде импорттық АИ-92 бензиніне қажеттілік мүлдем жоқ. Сондықтан осы отынды сырттан әкелуге тыйым салмақпыз. Бұл ретте ресейлік әріптестерімізді ескерттік, олар бұл қадамға қарсы емес», -  деді вице-министр.