Жаңалықтар

Назарбаев Кофи Аннан жайлы: Адал және парасатты

ашық дереккөзі

Назарбаев Кофи Аннан жайлы: Адал және парасатты

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанның өліміне байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды  Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Кофи Аннан халықаралық деңгейдегі танымал саясаткер ретінде бүкіл ғұмырын әлемде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға арнады. Осыдан біраз жыл бұрын Кофи Аннан сынды парасатты, адал әрі мейірбан тұлғамен таныстым. Жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыз ұқсас болатын. Мен әлі күнге дейін кездесулеріміз бен өзара әңгімелескен сәттерімізді жылы сезіммен еске аламын», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан К.Аннанның туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына көңіл айтты. Айта кетейік, бұл қайғылы жағдай жайлы 18 тамызда хабарланған еді. "Біз бүгін ұлы адамды, лидерді және визионерді - БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннаннан айырылып, қайғырып отырмыз", - делінген еді ұйымның хабарламасында.