"7-20-25" бағдарламасын жалған жарнамаға пайдаланатындар көбейді
"7-20-25" бағдарламасын жалған жарнамаға пайдаланатындар көбейді
Ғаламтор мен әлеуметтік желілерде құрылыс компаниялары мен тұрғын үй кооперативтерінің "7-20-25" бағдарламасының атын жамылған қитұрқы ақпараттары көбейіп барады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Баспана» Ипотекалық Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ.
«Мысалы, 25 - жылына берілетін несие емес, 25 айға ғана созылған несие болу мүмкін. Сонымен қатар, кей кездері мұндай акцияларда 20 саны алғашқы жарна емес, несие бойынша үстеме мөлшерлемесі болып шығады» - деп жазылған ұйым ескертпесінде.
"Баспана" Ипотекалық ұйымы, кейін түрлі түсініспеушіліктер туындамау үшін, халықты мұндай акциялар мен жарнамаға өте сақ болуға шақырады.
«7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана бағдарламаның серіктес-банктері бере алатынын еске саламыз. Қазіргі таңда, олар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Евразиялық банк. Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері еш уақытта "7-20-25" бағдарламасымен несие бере алмайды» - дейді мамандар.
Сонымен бірге, ұйым мүшелері құрылыс компаниясы ұсынған бөліп төлеу "7-20-25" бағдарламасына жатпайдытынын да естеріңізге салады.
"Бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Тиісінше, осы нарықтағы түрлі компаниялардың президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылатындары да байқалады. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз", - дейді "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.
"Баспана" Ипотекалық ұйымы мамандары, үй бағасы мен несие мерзіміне сәйкес, ай сайынғы төлемдердің кестесін әзірлеген. Төменде сол кестені ұсынып отырмыз.