Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі саудаға шығарылды
19 тамыз, 2018 /
Назым Тойлыбаева
Астанадағы ең биік ғимараттардың бірі саудаға шығарылды
Астанадағы 45 қабатты «Зүбәржат квартал» (Б блогы) әкімшілік ғимараты gosreestr.kz электронды сауда алаңына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нысанды «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС саудаға шығарған. Бастапқы бағасы - 24 миллиард 83 миллион 228 мың теңге.
Жалпы ауданы 100 923,7 шаршы метрді құрайтын ғимаратпен бірге, оған жапсарлас жатқан жер учаскесі, қосалқы ғимарат және жылжымалы мүлік те сатылады. Сауда 4 қыркүйекте басталады. Көк тіреген ғимарат Қонаев көшесі, 8 мекенжайында орналасқан.