Жаңалықтар

Павлодарлық депутат жүргізуші куәлігінен айрылды

ашық дереккөзі

Павлодарлық депутат жүргізуші куәлігінен айрылды

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Петр Вырвинский мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Павлодар қалалық әкімшілік соты хабарлады.

Павлодар қалалық әкімшілік сотының деректеріне сүйенсек, Петр Вырвинский  қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылыпты. Сол жерде мас күйінде көлік жүргізгені үшін қалалық мәслихаттың депутатына қатысты әкімшілік хаттама толтырылады. Депутат Вырвинскийдің қан құрамында алкогольдің бар екендігін медициналық сараптама дәлелдеп берді.  Сот шешіміне сәйкес Петр Вырвинский «Көлік құралын мас күйінде жүргізу» бабы бойынша құқықбұзушылық жасады деп танылып, халық қалаулысы үш жылға  көлік жүргізу куәлігінен айырылды.