Жаңалықтар

Астанадағы Индонезия елшілігінде тәуелсіздік күні тойланды

ашық дереккөзі

Астанадағы Индонезия елшілігінде тәуелсіздік күні тойланды

Бүгін Индонезия халқы ел тәуелсіздігін тойлап жатыр. Осыған орай мемлекеттің Астанадағы елшілігінде салтанатты түрде ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Хабар 24. Оған Қазақстанда жүрген Индонезия азаматтары және еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты. Тәуелсіздік күніне орай елшілік қызметкерлері Индонезия әнұранын шырқап, Президенттің құттықтау хатын оқыды. Сондай-ақ Джоко Видодоның бұйрығымен Серік Қарымсақов Индонезияның Алматыдағы құрметті консулы болып қайта сайланды. Салтанатты шараның ресми бөлімі Тумпэн деп аталатын ұлттық тамақты кесумен аяқталды. Айта кету керек, Индонезия өз тәуелсіздігін 1945 жылы Жапониядан алды.