Жаңалықтар

Астанада пара алған офицер ұсталды

ашық дереккөзі

Астанада пара алған офицер ұсталды

11 тамызда Астанада экономикалық тергеулер қызметінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі парамен ұсталды.Елордалық мемлекеттік кірістер департаменті офицеріне пара алды деген күдік келтірілген, деп хабарлайды Sputniknews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінде хабарланғандай, ер адам алдын ала келісім бойынша 15 мың доллар параның бес мың долларын алып жатқан жерінде ұсталыпты. Компания директорынан "ақшалай сыйақы" күдіктіге ақша жымқыру ісі бойынша қылмыстық қуғындауды тоқтату үшін төленуі тиіс екен. Аға тергеуші кінәсін толығымен мойындағандықтан, қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеулер басталып кетті. Айта кетсек, жемқорлыққа қарсы қызметте жыл басынан бері экономикалық тергеулер қызметі өкілдеріне қатысты сегіз жемқорлық қылмысы тіркелді. 2018 жылғы қылмыстық істер бойынша жалпы пара көлемі 25,5 миллион теңге болды.